Меню KDT
Рус /  Қаз
Добро пожаловать на сайт средней школы №24 города Астаны
Document

С заботой о детях

Олимпияда
Мектеп мақтанышы
Мектеп мақтаныштары
Мектеп мақтаныштары
Мектеп мақтаныштары

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы «__» қаңтар

 

Зейнетақы жинақтарының жай-күйін egov порталында

sms-хабарламаның көмегімен білуге болады

 

         «БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшіне енетіндігін хабарлайды. Соған сәйкес «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында енді электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегінсіз де қолжетімді болады.    

 

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйін мынадай тәсілдермен білуге болатындығын еске саламыз. Олар:

 

1)     БЖЗҚ кеңсесіне тікелей келіп өтініш жасау;

 

2)     дәстүрлі пошта байланысы;

 

3)     электрондық тәсіл, оның ішінде:

 

–        БЖЗҚ-ға ұсынылған жеке электрондық мекенжай;

 

–        логин және пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке кабинет;

 

–        электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы.

 

          Айта кетелік, соңғы хабарлау тәсілін қолдану үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Енді 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) бір реттік sms-парольді қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме ала алады. Бұл үшін салымшы (алушы) электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде тіркеліп, үзінді көшірме алуға сауал жолдайды. Содан кейін mGov мобильдік азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бір реттік sms-пароль жіберіледі.
          Атап өту керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық тәсілмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимінде алуға мүмкіндік береді. 

 

          БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

 

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

2019 жылғы «9» қаңтар

 

Фрилансерлер үшін жарналарды төлеу рәсімі оңайлатылды 

 

 

 

     2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Ол азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу рәсімін оңайлатуға бағытталған.    

 

     Еске сала кетелік, азаматтардың бұл санаты 2018 жылдың шілде айынан бастап МЗЖ төлеуге міндеттелген болатын.  

 

     Ал жаңадан енгізілген өзгерістер 2019 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді.  

 

     Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болатын болса, олар жеке тұлғалар үшін, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан МЗЖ төлейтін агентке айналады. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары алатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

 

    Ал егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалатын болса, онда фрилансерлер МЗЖ төлеуге құқылы болады. Яғни, міндетті емес. Бұл жағдайда жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналарын өзінің ұйғаруымен Қордағы жеке зейнетақы шотына аудара алады. Бұл үшін ол жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация жарналарды Қорға аударады. Атап өту керек, егер фрилансер өзінің осы құқығын пайдаланатын болса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететін болады.

 

    Бұдан басқа, еңбек шарты бойынша жалдамалы жұмыскер ретінде еңбек ететін әрі жеке тұлғалармен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстар орындайтын немесе қызмет көрсететін азаматтар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша алынатын табыстан МЗЖ төлеуден босатылады.      

 

    Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс. Яғни, 2019 жылы жиынтық жылдық табыс 25 500 000 теңгеден асатын болса, бұл сомадан артық алынатын табыс МЗЖ төлеуден босатылады.    

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

 

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 
2019 жылғы «8» қаңтар
БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі оңайлатылды 

 

       2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына (ҚР 26.12.2018ж. №203-VI Заңы) тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады. Еске саламыз, бұған дейін жеке тұлға МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін шот ашу жөнінде тиісті өтінішті рәсімдеуге міндетті болатын. Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады. Айта кетелік, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналарын (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz




 






 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

2018 жылғы «13» желтоқсан

 


Астанада
қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің

 

қорытындылары мен даму келешегі талқыланды

 

 

 

 

 

2018 ж. 13 желтоқсан Астана қ.Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығы «ҚР зейнетақы жүйесінің негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

 

 

Форум-кеңес түріндегі отырыс БЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оған Қор қызметкерлері және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Медициналық сақтандыру қоры, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сондай-ақ кәсіподақтар, кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен аталмыш жүйенің бастауында тұрған тұлғалар, БАҚ өкілдері, сарапшылар және салымшылар (алушылар) қатысты.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу себептерін, БЖЗҚ-ны құрудың артықшылықтары мен кемішін тұстарын, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Сонымен қатар қазақстандықтар, әсіресе жастар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жүйеге тарту мәселелері, сондай-ақ зейнетақы капиталын қалыптастыруда ерікті зейнетақы жарналарының алар орны бойынша пікір алмасты. 

 

Отырысты Астана қаласындағы филиал директоры-басқарушы директоры Мұрат Шарипов ашты. Ол ниет білдіріп, бүгінгі жиынға қатысуға келген азаматтарға алғысын білдіріп, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметіне қатысты мәселелерді талқылауда жемісті еңбек тіледі.Өз сөзінде филиал басшысы Қор тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабардарлығын, сондай-ақ қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды ерекше атап өтті.   

 

  

 

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бұдан 20 жыл бұрын Қазақстанның  ТМД елдері арасында тұңғыш рет зейнетақы реформасын жүргізіп, дұрыс қадам жасағанды туралы тұжырым жасады. Бүгінде жүйе орнықты және өзінің дағдарысқа төзімділігін дәлелдеді және даму әлеуеті жоғары. Жиынға қатысушылар сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы, табыстылығы, барабарлығы көп жағдайда елдегі экономикалық ахуалға тәуелді екендігін атап өтті. Өйткені экономиканың нақты салаларының өсуі еңбек өнімділігі мен халықтабысының артуына септігін тигізеді. Инфляцияның төмендеуі, экономикада бағалардың тұрақталуы зейнетақы жинақтарының нақты құнына оң әсер етеді. Экономикалық тұрғыда белсенді халықтың жұмыспен барынша толық қамтылуы оларға алған табыстан өз пайдасына зейнетақы жарналарынтұрақты аударып тұруға мүмкіндік береді. 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

 

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz



АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2019 жылғы «10» қаңтар 

БЖЗҚ көрсететін қызметтерінің 
қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ете отырып,
өңірлік желілерін оңтайландыруда

 



       БЖЗҚ салымшылар мен алушылардың Қор бөлімшелеріне келу көрсеткішіне, сәйкесінше оларға түсетін жүктемеге тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізіп келеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы деректерді негізге ала отырып, операциялық шығындарды азайту мақсатында өзінің өңірлік желілерін оңтайландырады. 
       2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ның республика бойынша 18 филиалы жұмыс істейді. Олардың құрамында 30 бөлімше және 88 қызмет көрсету орталықтары бар. Бұдан басқа, 97 елдімекенде БЖЗҚ мамандары қашықтағы жұмыс орны арқылы салымшылар мен алушыларға қызмет көрсетеді. Бұл жұмыс орындарының бір бөлігі мемлекеттік ұйымдарда және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде орналасқан. 
      Қор бөлімшелерінің өзекті тізімі туралы www.enpf.kz сайтының «Байланыстар» бөлімінен (https://www.enpf.kz/kz/contacts/regionalnaya-set/), сондай-ақ, Қордың байланыс орталығының 1418 тегін телефон нөміріне хабарласу арқылы білуге болады. Атап өту керек, салымшылар мен алушыларға көрсетілетін қызметтер аясында орындалатын операциялардың шамамен 65 пайызы қашықтықтан жүзеге асырылады. Салымшылар мен алушылар электрондық қызметтердің толық тізбесін enpf.kz корпоративтік сайты және ENPF ұялы қосымшасы арқылы алуларына болады. Осылайша Қордың көрсететін қызметтері Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары үшін қолжетімді болып қала береді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі.

 

  БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz




 


 2018 жылдың 1 желтоқсанына қарай «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы 

 

қызметінің қорытындысы

 


         Алматы, Қазақстан – 2018 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,1 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 1,4 трлн теңгеге немесе 17 пайызға өсті. 2018 жылдың 11 айы ішінде шарттардың барлық түрі бойынша салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (ЖЗШ) 248,7 мың бірлікке артып, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына қарай 10,4 млн бірлікті құрады. Зейнетақы жинақтарының басым бөлігі міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан. Олардың сомасы 8,9 трлн теңгеге жетті. Ай сайынғы жарнаның орташа сомасы 15,6 мың теңгені құрады. Бұл ретте 2018 жылдың 11 айы ішінде түсімдердің жалпы сомасы 722,8 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде зейнетақы жарналарының сомасы 646,2 млрд теңгеге жетіп, бір жыл ішіндегі өсім 12 пайыз болды. 2018 жылдың 11 айы ішінде Қордың салымшылары мен алушыларының зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 746,8 млрд теңгені құрады. Яғни, жарналар бойынша түсімдердің деңгейімен бірдей деуге болады. 2018 жылдың 11 айы ішінде зейнетақы активтерінің табыстылығы 9,24 пайыз болды. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,6 пайызды құрады. Жылдық тұрғыда алып қарайтын болсақ, Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың 1 желтоқсаны мен 2018 жылдың 1 желтоқсаны аралығында 10,02 пайыз болды. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 5,3 пайызды көрсетті. Осылайша, табыстылық екі кезеңде де инфляция деңгейінен жоғары. Яғни, салымшылардың жинақтары табысты болып жатыр. 2018 жылдың 11 айы ішінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы шамамен 156 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде зейнеткерлік жасқа толуға байланысты төлемдер – 76,6 млрд теңгені (немесе 49%), сақтандыру ұйымдарына аударылған зейнетақы жинақтарының сомасы – 22,2 млрд теңгені (немесе 14%), ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 32,0 млрд теңгені (немесе 20%) және басқалай біржолғы төлемдер (жерлеуге және мұрагерлерге берілген) – 25,2 млрд теңгені (немесе 16%) құрады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. 2018 жылдың 11 айы ішінде барлығы 23,4 мың таныстырылымдық шара өткізіліп, оларға 738 мыңнан астам адам қатысты. Бұл жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр. Мысалы, зейнетақы жинақтары бойынша ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдаған салымшылар мен алушылардың қатары 1,2 млн адамға толықты. 1 желтоқсанға қарай 5,1 миллионнан астам адам зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсілі ретінде enpf.kz интернет-сайтын таңдаған. Тағы 900 мыңдай адам жеке зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы алады. Үзінді көшірмені дәстүрлі пошта байланысы бойынша жылына бір рет алатын салымшылар саны керісінше 270 мың адамға азайды. 2018 жылдың 1 желтоқсанына қарай шамамен 1,5 млн адам әлі де болса жыл сайын үзінді көшірмесі бар АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «28» желтоқсан хат күтеді. Ақпарат алудың бұл тәсілі аса ыңғайлы емес. Өйткені егер салымшы мекенжайын ауыстыратын болса, бұл туралы Қорға міндетті түрде хабарлауы тиіс. Ал интернет байланысы керісінше зейнетақы жинақтарының жай-күйін кез келген уақытта, кез келген жерде қадағалап отыруға мүмкіндік береді. БЖЗҚ ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап зейнетақы шоттарына бірнеше жыл бойы жарна түспеген салымшылармен жұмыс жүргізіп келеді. Олардың басым бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтушылар екендігі анықталды. Күні бүгінге дейін 574 мыңнан астам адаммен байланыс орнатылды. Солардың ішінде 113 мыңнан астам адам зейнетақы жарналарын төлей бастады. Сәйкесінше олардың шоттарына 1,8 млрд астам теңге аударылды. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz




«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады!

ТАҚЫРЫБЫ: «ҚР ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНЕ 20 ЖЫЛ: ТАРИХЫ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ»

 

       «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді 2018 жылдың 20 қыркүйегінде өтетін Ашық есік күніне шақырады. Сіздерді  сағат 10:00 мен 17:00 аралығында «БЖЗҚ» АҚ  Астана қаласы филиалының кеңсесінде - 12 ұйде  Т.Бигелдиновтың қөшесінде күтеміз. Шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің тарихы мен дамуы туралы мәлімет беріледі. Сонымен қатар  қатысушылар Қор қызметкерлерінен жеке кеңес ала алады.







Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: уақыт биігінен

Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толып отыр. 20 қыркүйек күні Қордың барлық филиалдарында осы айтулы датаға арналған халықпен дәстүрлі кездесу  - Ашық есік күні өтеді. Еліміздің зейнетақы жүйесінің жұмысы туралы кеңірек білу үшін біз «БЖЗҚ» АҚ-ның филиалының директоры М.Шариповты әңгімеге тарттық.

 Мұрат Турсынұлы, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшелігі неде және бұл жүйеге көшуіміздің себебі қандай?   

Кеңес Одағының кезінде ортақ зейнетақы жүйесі жұмыс істеді. Оның мәнісі – экономикалық белсенді тұрғындардың қарттардың алдындағы жауапкершілігіне құрылған.  Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұл зейнетақы жүйесін бұрынғы кеңестік жүйеге кірген барлық мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да мұраға алды. Бірақ оның бірнеше кемшіліктері болды. Біріншіден, тәуелсіз Қазақстанда туу көрсеткіші азайып, қарттардың саны өсті. Бұл өз кезегінде зейнеткерлер мен жұмыс істейтіндердің пропорционалды ара қатынасын бұзды. Екіншіден, елде жұмыссыздық көбейді. Үшіншіден, жұмыс істейтіндердің табысы мен зейнетақы көлемі арасындағы байланыс әлсіреп кетті. Яғни, табысы бірдей немесе әртүрлі азаматтардың  бірдей зейнетақы алуы мүмкін еді. Әрі азаматтардың жеке зейнетақы шоты жоқ болғандықтан, олардың зейнетақы жинақтарын нақты есептеу мүмкін болмады. Бұл азаматтардың өздерінің болашағына керекті зейнетақы жинауға ынталандырмайтын.

Сондықтан, 1998 жылы зейнетақы реформасының басты мақсаты – азаматтардың болашақ зейнетақысына қатысты жауапкершілігіне негізделген әділетті зейнетақы жүйесін қалыптастыру болатын. Жаңа жүйеге негіз ретінде 80-жылдары  әлем бойынша озық болып танылған Чили үлгісі алынды. Қазақстан оның басты қағидаты  - зейнетақы жарналарының міндетті сипатын қабылдады.

 2013 жылы барлық жеке қорлар жабылып, жалғыз мемлекеттік қор қалды. Мұның себебі неде? Олар өз жұмысын ақтамады ма?  

Зейнетақы нарығындағы бәсекелестік алғашында  жақсы нәтиже бергенімен,  уақыт өте жеке қорлардың әлсіз тұстары біліне бастады. Кейде қорлар бәсекелестік жағдайында жаңа салымшылардың орнына бір-бірінің салымшыларын тартып алып отырды. Ол аздай көптеп табыс табу үшін күмәнді құралдарға инвестиция салып, табыс табудың орнына шығынға батқан жағдайлар да болды.

Азаматтардың жинақтарын басқару қауіпсіз әрі тиімді болу үшін 2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы құрылды. БЖЗҚ-ға жүктелген негізгі міндеттер – салымшылардың зейнетақы шоттарының есебін дұрыс жүргізу, олардың жай-күйін бақылау, салымшылардың  деректемелеріне тиісті өзгерістер енгізіп отыру, ақпараттық –түсіндірмелік жұмыс жүргізу, зейнетақы төлемдерін жасау ретінде көрініс тапты.

БЖЗҚ-ның құрылуы қандай өзгерістер әкелді?   

БЖЗҚ-ның құрылуы және зейнетақы активтерінің біріктірілуі нарықты өзгерткенімен, зейнетақы   жүйесінің құрылымын өзгерткен жоқ. Қазақстанда көп деңгейлі жүйе мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жеке шоттардың жүргізілуі, жинақтардың жекеменшігі және олардың мұраға қалдырылуы, зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік сынды негізгі параметрлері бұрынғыша қалды.  Жиынтық зейнетақы да бұрынғыша екі көзден -  мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинағы есебінен қаржыландырылады.

БЖЗҚ-ның құрылуы салымдарды есептеу мен сақтауға кететін операциялық шығындар мен әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.  Тиісінше, комиссиялық шығындар жеке қорлардыкімен салыстырғанда екі есе азайды. Сонымен қатар, бизнес-үдерістерді оңтайландыру, тиімсіз шығындарды жою, жаңа электрондық қызметтер енгізу, олардың үлесін арттырудың арқасында комиссиялық сыйақылар тағы да төмендеді.  Тағы бір маңызды жәйт – мүдделес тұлғалармен келісім-шарт жасау мүмкіндігіне тосқауыл қойылды. Салымшылардың бір қордан екінші қорға ауысуы доғарылды. Осылайша жүйенің тағы бір осал тұсы жойылды. Бірыңғай базаның арқасында қате техникалық шоттар барынша азайтылды. Мұның бәрі зейнетақы жүйесін нығайтуға мүмкіндік берді.

 

Жинақтаушызейнетақы жүйесіне толығымен өтуіміз мүмкін бе?

Көп деңгейлі зейнетақы жүйесі ойдағыдай жұмыс істеп келеді және бұл жүйені таңдауымыздың дұрыс екендігін уақыт дәлелдеп берді. Сондықтан жүйенің диверсификация қағидатын сақтауымыз қажет.

2040 жылдары зейнетке 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар шыға бастайды. Яғни, ортақ компонент толығымен жойылып, оның орнын жинақтаушы жүйе басады. Сондықтан БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына жүйелі түрде зейнетақы жарналарын аударып, жұмыс берушінің өз міндетін адал атқарып жүргенін тексеріп  тұрған  жөн.  Сонымен қатар,  ерікті зейнетақы жарналарын барынша көбірек аудару керек.

Сонда мемлекет азаматтарды зейнетақымен қамту жұмысына араласпады ма?

Көп деңгейлі жүйе мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыскердің ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет қазақстандықтарды, азаматтығы жоқ тұлғаларды, елімізде тұратын шетелдіктерді зейнетақымен қамсыздандыру туралы міндеттемесінен бас тартпайды. Керісінше, биылдан бастап базалық зейнетақы жүйесі әлеуметтік әділеттілік қағидатына сай, халықты зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру үшін одан әрі жетілдірілді. Он жылдан кем жарна төлегендерге төменгі өмір сүру шегінің 54 пайызы төленіп, әрбір қосымша жыл үшін 2 пайыз қосылады. Егер азамат 20 жыл жұмыс істесе, төменгі өмір сүру шегінің 74 пайызын, 33 жылдан жоғары – 100 пайыз мөлшерінде  базалық зейнетақы белгіленеді.

Әңгімеңізге рахмет!

 

 

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жылғы «6» қыркүйек


Астана қ. салымшылары мен алушыларына ақпарат берудің жаңа арнасы

 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры барлық қазақстандықтарға сапалы қызмет көрсетумен қатар оларға өзінің жаңа қызметтері мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы маңызды және пайдалы ақпараттарды жеткізуге ұмтылады.

 

Бұл үшін Қор барлық мүмкіндіктерді пайдаланады: көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізеді, БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынас жасайды және қашықтықтан өзара әрекеттесудің қосымша арналарын дамытады. 

 

Еске саламыз, БЖЗҚ 2018 жылдың шілдесінде WhatsApp мессенджерінде арна енгізген болатын. Бұл арна Қазақстанда және шет елдерде жүрген азаматтарға зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпарат және кеңес алуға мүмкіндік береді.   

 

БЖЗҚ ақпарат алу арналарын кеңейту үшін Қазақстан Республикасының электрондық үкіметімен, барлық облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Былтырғы жылы жоғарыда аталған әкімдіктермен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар 2018 жылдың 6 қыркүйегінде БЖЗҚ мен Астана қаласы әкімдігінің iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

 

Атап өту керек, орталық барлық қалалық тіршілікпен қамтамасыз ету қызметтері бойынша демалыссыз және тәулік бойы ақыл-кеңес береді, тұрғындардың шағымдары мен өтініштерін қабылдайды, әлеуметтік желілерге мониторинг жасайды және әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштерге жауап береді.

iKomek-тің тізімдемесінде 770-тен астам көрсетілетін қызмет түрлері бар. Оған келісімге қол қойылған соң, БЖЗҚ жұмысы мен көрсететін қызметтері туралы ақпарат беру және «БЖЗҚ» АҚ Астана қалалық филиалының байланыс деректері бойынша анықтамалық ақпарат беру қызметі қосылды.    

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                       

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Астана қаласын бақылау және талдау құралы ретінде әрекет жасайды. Оның алдыға қойған негізгі мақсаты  – тұрғындардың өтініштерін қабылдау, оқыс оқиғалар мен апаттарды ретке келтіру және алдын алу барысында ң  коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру, оқыс оқиғалардың дер кезінде реттелуін бақылау, «болары болып, бояуы сіңгенде» әрекет етпей алдын алу саясатын ұстану,

құқық бұзушылық әрекеттерді анықтау және өңдеу, сондай-ақ қаладағы ахуалды қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы «осы жерде және қазір» режімінде жедел бақылау.

Орталық 365/24/7 күн тәртібінде жұмыс істейді. 109 телефон нөмірі, «Smart Astana» ұялы қосымшасы немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақша арқылы өтініш білдіруге болады.

 

   БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 




Дария баққа жинаңыз

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне – 20 жыл. Осы кезең аралығында еліміз маңызды әлеуметтік-демографиялық, экономикалық өзгерістерді бастан кешіріп, талай жаңа белестерді бағындырды. Қазақстанның зейнетақы жүйесі де жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, уақыт талабына сай жаңарды.  Еліміздің зейнетақы жүйесінің өткені, бүгіні мен болашағына бағдар жасау үшін біз Астана қаласы филиалының директоры Мұрат Шариповты әңгімеге тарттық.

Кеңестік дәуірден қалған зейнетақы жүйесін жаңарту қажеттігі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары туындады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін ортақ зейнетақы жүйесі жаңа заман талабына сай келмейтіні түсінікті болды. Сондықтан Қазақстан өзіне қолайлы жүйе қалыптастыру үшін әлемдік тәжірибені зерттей бастады. Ең оңтайлы жүйе ретінде 80-жылдары әлем бойынша үздік деп танылған Чилидің үлгісі таңдалып алынды. Әлемдік банктің кеңесімен осы үлгі бойынша Латын Америкасы, Шығыс Еуропа, ТМД-ның бірқатар елдерінің зейнетақы жүйесі реформаланды. Қазақстан осы жүйенің басты қағидатын негізге алды. Бұл жүйе бойынша  салымшылар табысының белгілі бір пайызын  жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоттарына жинауға міндеттеліп, бұл жарна инвестициялық табыспен капитализацияланады. Қызу пікірталастардан кейін 1997 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасындағы  зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң қабылданды.

Осылайша Қазақстан посткеңестік кеңістікте алғашқы болып жинақтаушы жүйеге негізделген аралас зейнетақы жүйесіне көшті. 1997 жылдың қыркүйегінде ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды (МЖЗҚ). 1998 жылдың басынан бастап қазақстандықтар табысының 10 пайызын міндетті зейнетақы жарнасы ретінде жеке зейнетақы шоттарына аудара бастады. Осы жылдан бастап жеке зейнетақы қорлары да ашыла бастады. Әрбір азаматқа өзіне қолайлы зейнетақы қорын таңдау құқы берілді. Егер ол өз таңдауын жасай алмаса, жарнасы автоматты түрде мемлекеттік қорға аударылды.

 2013 жылы МЗЖҚ-ның базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылды. БЖЗҚ-ға жеке қорлардың активтері берілгеннен кейін әкімшілік және операциялық  шығындар азайып,  жеке қорлардың комиссияларымен салыстырғанда БЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақылары азайды. Ең бастысы – мүдделес компаниялармен шығынды келісім-шарттар жасалуына тосқауыл қойылды. Салымшылардың бір қордан екінші қорға бей-берекет ауысуы да тоқтады. Мұның бәрі жүйенің тиімділігіне игі әсер еткені күмәнсіз. Дегенмен, БЖЗҚ құрылғаннан кейін де Қазақстанда ортақ бөліктен, міндетті жинақтаушы бөліктен және ерікті жинақтаулардан тұратын көп деңгейлі зейнетақы жүйесі сақталып қалды.  Жиынтық зейнетақы да екі төлем көзінен тұрады: мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақы және БЖЗҚ-дағы жинақтардан құралатын зейнетақы.

Уақыт талабына сай болу үшін зейнетақы жүйесі әрдайым жаңарып отырады. Қазақстанның зейнетақы жүйесінде  алдағы онжылдықтарда қалыптасуы ықтимал түрлі сценарийлерді болжау үшін БЖЗҚ-да актуарлық зерттеулер жүргізіледі.  Қор мамандары зейнетақы жинақтау жүйесінің қандай да бір бөлігі жақсы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеумен де айналысады. Мысалы, шартты-жинақтаушы компонент Швецияда жақсы дамыған. Сонымен бірге, ерікті зейнетақы бөлігін дамытуға Германия мен Малайзияда үлкен мән беріледі. Сингапур жинақтарды баламалы мақсаттарға пайдалану тәжірибесімен, ал Гонконгтың тәжірибесі зейнетақы активтерін басқарудың инвестициялық стратегиясымен тартымды.

 Алайда енгізілгелі отырған өзгерістермен бірге Қазақстан зейнетақымен қамсыздандырудың диверсификациялық қағидатын сақтап қалады. Себебі бұл компоненттің артықшылығын екінші компоненттің кемшіліктерінің орнын толтыру үшін пайдалануға болады. 2040-жылдары 1998 жылға дейін еңбек өтілі жоқ азаматтар зейнетке шыға бастағанша ортақ компонент біртіндеп шартты-жинақтаушы компонентке ауыса бастайды. 

Сонымен қатар Ұлттық банкте зейнетақы активтерін басқару бойынша бірқатар міндеттерді бәсекелестік ортаға – қазақстандық және шетелдік компанияларға беруге байланысты ұсыныстар дайындалды. Салымшыларға инвестициялық стратегия мен жеке басқарушы компанияны таңдау құқы беріледі деп жоспарлануда.  Бірақ БЖЗҚ ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағымдарының бірыңғай операторы және әкімгері болып қала береді. 

 

Құрылымдық өзгерістермен қатар сапалық өзгерістер де болады. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына орай, БЖЗҚ интернеттің мүмкіндіктерін пайдалана отырып,  қор қызметтерін барынша қолжетімді ету бағытында үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Қазірдің өзінде Қордың барлық қызметтері дерлік электрондық нұсқада қолжетімді. Осының арқасында біздің салымшылармен ара-қатынасымыз түбегейлі өзгеріп,  оларға барынша жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік алдық.  

 























проаере

  • Бүгінде еліміздің біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 10 миллионнан астам жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ)  шоғырланған.

     

  • ПРЕСС-РЕЛИЗ

     

     



    Астана қаласы


    БЖЗҚ-да 
    Ашық есік күні өтті.
    Тақырыбы: «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлау әдістері»

     

    Подробнее >>

  • БЖЗҚ қызметтерінің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді

    20 маусым 2018 жыл

     

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2018 жылғы «23» сәуір

     

     


  • БЖЗҚ қызметтерінің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді

    21.05.2108

     

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2018 жылғы «23» сәуір

     


  • Қазақстандықтардың жартысынан астамы зейнетақы жүйесіне сенеді

    21 мая 2018

     


    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    2018 жылғы «23» сәуір

     



  • ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі

    21.05.2108

     

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары

    16.04.2018 ж.

     

    Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін пайда болған жоқ. Ол талай жылдан бері көтеріліп келеді. Бірақ, Елбасының сынынан кейін бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кейінге қалдыруға тура келгендігін атап өтті. Бұған өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен бейресми түрде жұмыс істейтін азаматтарды ел экономикасына тарту мәселесі себеп болған.  

    «Олар салық төлемейді, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспайды, қысқасын айтқанда олар көлеңкелі экономикада жүр. Мен бұл туралы кемінде бес жылдан бері айтып келемін. Нақты тапсырмалар да бердім. Алайда мұнымен нақты ешкім айналыспайды», - деді өз сөзінде Президент.

     

  • БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 2018 жылғы «27» наурыз

    27.03.2018

    Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдыңбасында енгізілген өзгерістер туралы

  • АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    01.04.2018

     

    Мобильдік кеңсе

     

  • АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы наурыз

    31.03.2018

     

    2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ-тың маңызды көрсеткіштеріне шолу

     

  • «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

    14.03.2018 ж

     

    «БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл)» тақырыбындағы Ашық есік күніне шақырады

     

  • Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл)

    14.03.2018 ж

     

    2018 жылдың 27 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында биыл алғаш рет Ашық есік күні өтеді. Аталмыш шара әдеттегідей барша салымшылар мен алушылар үшін өте өзекті  тақырып – зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге арналмақ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындардың арасында түсіндірмелік жұмыстарды белсенді жүргізіп, салымшыларға зейнетақы жүйесіне қатысты кешенді сауалдар бойынша жан-жақты мәлімет беруде.   

     

  • 2018 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақының өсетіндігін естідім. Осы туралы білгім келеді. Тағы бір сұрақ, биыл Қазақстанда ең төмен және орташа зейнетақының мөлшері қандай?

    16.02.2018

    Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен екі түрлі зейнетақы төленеді. Бірі - ортақ (еңбек) зейнетақы болса, екіншісі - базалық зейнетақы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақы 8 пайызға, ал базалық зейнетақы 6 пайызға өсті. Осылайша, базалық зейнетақыны ескере отырып айтар болсақ, қазіргі таңда елімізде ең төмен зейнетақы 49 019 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері 71 333 теңгені құрайды. Бұл өзгеріс барлық зейнеткерлерге тиесілі.     БЖЗҚ анықтамасы енді eGov порталында қолжетімді

  • 19.01.2018

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкімет порталында инвестициялық кірісі көрсетілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы  ақпаратты ала алады.

  • «Қарттық шақ қазыналы болсын десеңіз...»

    18.01.2018

    Адам баласы негізі мектеп жасына дейін және зейнеткерлікке шыққаннан кейін еркіндеу өмір сүреді екен. Одан басқа кезең әрине қарбалас тірлікке толы: мектепке барады, университетте оқиды, жұмыс істейді. Енді мектеп қабырғасында көңіл сүйген өнермен айналысуға мүмкіндік бар (спорт, музыка, би, сурет салу) деп айтуға болады. Студенттік жылдары да сүйікті ісіңмен айналысуға уақыт табылады. 

  • «БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңіріндегі салымшыларға қызмет көрсетеді»

    17.01.2018

    БЖЗҚ әрбір салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылуда. 

  • «БЖЗҚ» АҚ 1418 қысқа нөмірін іске қосты

    16.01.2018

     

    Алматы, Казақстан, 2016 жылғы 7 шілде – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет көрсетуді жетілдіре отырып, салымшылар (алушылар) үшін байланыс орталығына  қоңырау шалатын 1418 - қысқа нөмірін іске қосты.

     

  • «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ»

    15.01.2018

     

    БЖЗҚ enpf.kz сайты мен әлеуемттік желілердегі Қордың ресми сайттарының оқырмандары мен кірушілері жиі қоятын сұрақтарға жауап береді.      

     

  • Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз.

    12.01.2018

     

    Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Сіздердің назарларыңызға осы айда келіп түскен қызықты да маңызды сұрақтар мен олардың жауаптарын ұсынамыз.

     

  • Зейнетақы жүйесіндегі жаңа қызметтер...

    11.01.2018

     

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі секілді, отандық зейнетақы жүйесі де тұрақты дамып жатыр. Редакция БЖЗҚ қызметкерлерімен бірге өз оқырмандарына жаңа сервистер туралы маңызды 5  сұраққа жауаптар әзірледі.   

     

  • «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілген»

    10.01.2018

     

    Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Осы моделге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы негізінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жеке зейнетақы шотында жатқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі есептеледі.    

     

  • «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ»

    10.01.2018

    Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Онда осы айда БЖЗҚ қызметі, зейнетақы жинақтары және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері жайында жиі қойылатын сұрақтар қамтылған.

  • «БЖЗҚ: салымшылар жеке деректемелерінің өзгергендігі жайында БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті»

    09.01.2018

     

    Қазақстандықтардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты сонау екі мыңыншы жылдардың басында жасасқаны белгілі. Ол кезде енді-енді жеке зейнетақы қорлары пайда бола бастаған шақ.

     

  • «БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді»

    09.01.2018

     

    БЖЗҚ-ның дәстүрлі айдарында біз БЖЗҚ қызметіне және жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жиі қойылып жүрген сұрақтарға жауап береміз.

     

  • «Зейнетақы капиталын сақтау және көбейту»

    08.01.2018

     

    Бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысы болып отыр. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударатын жарналары сомасындағы табыс Сіз бен біздің зейнетақымыздың жинақтаушы бөлігін құрайды.