Меню KDT
Рус /  Қаз
Добро пожаловать на сайт средней школы №24 города Астаны
Document

С заботой о детях

Олимпияда
Мектеп мақтанышы
Мектеп мақтаныштары
Мектеп мақтаныштары
Мектеп мақтаныштары

Астана қаласы           №24 орта мектебіндегі «Мың бала» жұмысы туралы

   «Мың бала» жобасының мақсаты – үздіксіз оқу-тәрбие беру жүйесіндегі білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және ұлттық рухты патриоттары ретінде қалыптасуы мен өз-өздеріне танытуларына, болашақ маман иесі болып,кәсіби,интеллектуалды және шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Міндеттер:

 

  • Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор,рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз және жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және тілдерін дамыту.
  • Топтағы оқушыларды адамзаттылыққа,отансүйгіштікке,зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын,мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
  • Жастардың әлем мен ұлттық мәдениетті игерулерін, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.
  • Қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыдан үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру,қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде тәрбиелеу.

             Оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспары құрылып, бекітілді. 2014-2015 оқу жылына жоспарланған сынып сағаттары мен сыныптан тыс тәрбие жұмысы толық өтілді. Топ мүшелерінің оқу зейіні, бос уақыты қадағаланады.




Астана қаласы №24 орта мектебі «Мың бала» жобасының

I жартыжылдық есебі

 

Эксперимент тақырыбы: «Мың бала» жобасы арқылы мектепті басқару  

Әлеуметтік мақсаты:

Оқушының әлеуметтік жағдайы, қарым-қатынасын   зерттеу арқылы

қолайлы орта қалыптастыру

Классикалық мақсаты:

Оқушының сабақ үлгерімін, тәртібін, уақытын тиімді пайдалануын

қадағалау арқылы қызығушылығын ояту

Креативті мақсаты:

Оқушы бойындағы жеке қабілетін дамыту арқылы шығармашылық

ізденіске баулу

 

Міндеттері:

-әр оқушының өзіндік қасиеттерін бақылау;

- белгілі бір бағытқа бағдарлау;

-бірлескен жұмыс тобын құру;

-ізденіс-тапсырмаларын нақты ,жүйелі орындауға, жауаптылыққа үйрету;

-өз-өзіне сенімді, белсенді,еркін тұлға тәрбиелеу

-өз ойын, өзгенің ойын құрметтейтін,өз орнын сезінетін «Мен»тұлғасын шығару;

-әр оқушының жеке-даралық қабілетін тану, бағалау;

-білімін, шығармашылық ізденісін өмірде қолдана білуге мүмкіндік туғызу;

-мұғалім мен оқушының өзара түсіністік,қарым-қатынастық сыйластық ортасын қалыптастыру;

-ата-ана, мұғалім, оқушы байланысын нығайту;

-жалпы адамдық құндылықтар арқылы әлемдік мәдениетке тәрбиелеу.

     «Мың бала» жобасы мектеп оқушыларына қосымша білім, тәрбие беру үрдісін жетілдіру мақсатында үш жыл бұрын тәжірибеге енгізіліп, эксперимент алаңына айналды.Бұл жобаның мектеп, мұғалім, оқушы және ата-ана үшін де қажеттілігі өз нәтижесімен дәлелденуде.

   Мектебіміздегі «Мың бала» жобасының жүргізілу жағдайы жөнінде айтар болсақ 2014-2015 оқу жылында «Мың бала» жұмысы «Білім берудің инновациялық стратегиясы- мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» атты тамыз конференциясында өз жұмысын бастады.Ол конференцияға мектеп тарапынан жүргізілген әлеуметтік жұмыстар мен көмектер туралы кітапшалар көпшілікке таратылды.

   Осы республикалық конференцияда мектебіміздегі «Мың бала» жұмысы көпшілікке насихатталды.Семинарда мектептегі «Есептеп көр, ерінбей», «Қолөнер», «Тоғызқұмалақ», «Жас ақын», «Мәнерлеп оқу», «Сөз зергер», «Алло, мы ищем таланты!» және басқа да топ жетекшілерінің жұмысы көпшілік назарына ұсынылды. Білім басқармасының «Алғысымен»   мектеп директоры Ғ.Н. Сүндетов, тәрбие ісі жөніндегі оқу меңгерушісі Г.Қ.Майқанова және жетекшісі Ж.Б.Тамабаева марапатталды.Сертификатқа ие болған топ жетекшілері:Д.Н.Қауымбаева,Д.Ә.Жаңабек, Н.Л. Аверина және М.Б. Аяпбеков.

2014-2015 оқу жылының басында   «Мың бала» эксперименттік жобасы бойынша жұмыс жүргізетін 62 топ мүшелерінің жұмыс жоспары мектеп директоры Ғ.Н.Сүндетовпен бекітілді.

   Ұлттық құндылықтармен қаруланған ұстаздардың әр баланың бойына жақсы тәрбиенің сәулесін себуі -ең қастерлі міндет.Сыныптан тыс жұмыстардың басты ерекшелігі-оқушылар өздерінің қалаулары бойынша ынта мен қабілеттеріне қарай үйірмелерге ерікті түрде қатыса алады.Бұдан шығатын қорытынды еріктілік, ең алдымен оқушының қажеттілігін, сүйікті ісін еркін таңдауына мүмкіндік береді.

   Мектебімізде танымдық сайыстар,сахналық қойылымдар, психологиялық тренингтер,ән-би байқаулар, кездесулер,тақырыптық көрмелер,зерттеу жұмыстары,жоба қорғау, «Ұстаздар- абзал жандар!», «1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті » күніне, «Азаттықтың ақ таңы» атты шағын фестивальдары өткізілді.

«Тоғызқұмалақ» ойынынан біздің оқушыларымыз аудандық, қалалық біріншіліктерден үнемі І,ІІ,ІІІ орын жүлдегерлері атанады.Олар:Серикова Айжан,Егізек Перизат,Қуан Аружан және т.б.Жетекшілері Аяпбеков М.Б.

     Жаңа мүмкіндіктер мұнарасы мен өркениеттің өрелі биігіне ұмтылу барысында , адами ақыл-ойдың аспан әлемімен астасып жатқан бүгінгі ғаламдану заманында білім мен саналы тәрбие беруге талап сағат сайын өсуде.

2014 -2015 оқу жылының желтоқсан айында мектеп оқушылары аудандық пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

Р№

Оқушының аты-жөні

Пән

Орын

Жетекші

1

Сағымбекова Арайлым

Қазақ тілі және әдебиеті

ІІ орын

Нурушева Ә.Қ.

2

Жұманова Майя

Орыс тілі және әдебиеті

ІІІ орын

Тамабаева Ж.Б.

3

Сеиткаримова Айшанұр

Қазақ тілі және әдебиеті

ІІІ орын

Есетова О.Ф.

4

Кенжебай Тұрсынай

Орыс тілі және әдебиеті

ІІІ орын

Абилова Ш.А.

5

Айдын Ақжол

Алгебра

ІІІ орын

Әбдрейова З.Н.

6

Қуандық Самат

Қазақстан тарихы

Грамота

Арғынбаев Ғ.Ж.

7

Серікжан Майя

Қазақстан тарихы

Грамота

Сергазина Г.Е.

8

Сүйінтай Ақниет

Қазақ тілі және әдебиеті

Грамота

Құдияр Г.

 

       «Мың бала» жобасының ерекшелігі қазақ мектептеріндегі оқушылардың өз халқына, еліне, ұлтына деген құрметін отбасы тәрбиесімен бірлесе отырып, мектеп табалдырығында жалғасы үзілмейтін сабақтасып жатқан үлгі-өнеге түрінің бірі екеніне көз жеткізу және толық тәрбие ортасын жұмысын жақсы жолға қою.

   Әр бағыт бойынша мектеп оқушылары қалалық   түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған   «Туризм», «Волейбол», «Футбол», «Баскетбол», «Каратэ» , «Шахмат», «Тоғызқұмалақ» ойындарында қалалық сайыстардан үнемі жүлделі орындарды иеленуде. Атап айтсақ волейболдан қалалық спартакиадада І орынды иеленді, ал тоғызқұмалақтан халықаралық жетістіктер бар (Егізек П.,Серікова А.).Әрине топ жетекшілері Е.Рахметовтың,М.Аяпбековтың балалармен жүрген жұмыстарының нәтижесі.

   17 қазан 2014 жылы орыс тілі апталығында балаларды өмірге икемдеу, мүмкіндіктерін көру , кәсіпкерлікке үйрету мақсатында   «Бизнес күні» өткізілді.Ерекше атап өтетін топ жетекшілері:Исаханова А.А,Дауей М.,Кемпірбаева Г.Н., Мусабекова С.Ф.,Табарова К.Б.Абилова Ш.А.,Хуан А.,Магзумова А.,Азубаев Р.және т.б.

             Мектебімізде өнерлі оқушылар көп. Оқушылардың домбыра үйреніп, кәсіби домбырашылармен сайысқа түсіп,жеңіске жетуі үлкен жетістік.Топ жетекшісі «Шаттық».Топ жетекшісі Ахметова Айгүлді ерекше атап өтуге тұрарлық.

         “Мың бала” жобасы аясында “Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі” бағытының есебі:

           Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту мақсатында

«Менің сыныбым» атты тренинг жүргізілді. Тренинг барысында «Дос іздеймін», «Геометриялық пішіндер», «Екі әлем» және тағы басқа ойын-жаттығулар өткізілді.5-ші сынып оқушыларының жаңа буынға бейімделулерін, қалыптасу деңгейін анықтап, оқушылардың жаңа буынға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді. “Кел, танысайық!”, “Бесінші сынып дегеніміз не?”, “Біз және біздің дағдымыз”, “Біз және біздің кемшіліктеріміз бен жетістіктеріміз”, “Біз және біздің сынып” атты тренингтер, сауалнамалар жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша оқушылардың бейімделу деңгейлері, жоғары деңгейді көрсетті. 5-сыныптарда жене мектепке жанадан келген оқушылардың жаңа жағдайға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді.Олармен сөйлесу, әңгімелесу, тренинг жүргізілді. Психологиялық орталық оқушыларға, мұғалімдерге кеңестер беріп келді,ата-аналармен психологиялық ағарту жұмыстарын өткізді,содай-ақ бала тәрбиесіне қатысты басқа да қоғамдық орындармен бірлесе әрекет жасады.Барлық мұғалімдермен,мамандармен қарым-қатынас өзара теңдік негізінде және бірін-бірі толықтыру позициясында жүзеге асты. Жас мамандармен кәсіптік құызығушылығын арртыруда тренинг өткізілді және тест,сауалнама алынып отырды.10 cынып оқушыларын ҰБТ-ға және 9 cынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындау барысында, арнайы жоспар құрылып, бағыттау, яғни ҰБТ кезінде оқушылардың психологиялық дағдарысқа түспеуінің алдын алу шаралары жүргізілді.Сұрау бойынша оқушылармен, ата-аналармен, сынып жетекшілерімен жеке кеңес жұмыстары жүргізілді.   Психологиялық дайындық барысында 10 сынып оқушыларының «репрезентативті жүйе» тесті бойынша қабылдау ерекшеліктері анықталып берілді. Тестке дайындық барысындағы көңіл-күйлерін анықтау мақсатында сауалнамалар алынып, бүгінгі күні оқушының ой-пікірімен санаса отырып жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ бойларындағы үрей, қорқыныш сезімдерінен арылту мақсатында тренингтер, аутотренингтер жүргізілуде.Оқушылардың ұстаздармен қарым-қатынасын,кәсіптік шеберлігін,этикасын ,киім үлгісін анықтау мақсатында,ата-аналардан мектеп ұстаздары жайлы пікірлерін анықтау үшін сауалнама алынды. Коммуникативті дағдыны дамыту , өзін-өзі бағалауын көтеру мақсатында ойындар мен жаттығулар жүргізілді.

   Мың бала жұмысы жоспар бойынша жұмысын жалғастырады.


«Мың бала» жобасы



















 





1 желтоқсан ҚР Елбасы күні.