Меню KDT
Рус /  Қаз
Добро пожаловать на сайт средней школы №24 города Астаны
Document

С заботой о детях

Олимпияда
Мектеп мақтанышы
Мектеп мақтаныштары
Мектеп мақтаныштары
Мектеп мақтаныштары

Астана қаласы

Білім басқармасы

 

 

 

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ: МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ» ОНКҮНДІГІНІҢ ӨТІЛУІ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ АНЫҚТАМА

 

№24 орта мектеп қабырғасында 2015-2016 жылдың 2-12 ақпан аралығында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Өзін-өзі тану» пәнінің «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты тақырыбында онкүндігі болып өтті.

Онкүндіктің мақсаты:Білім алушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тартып, бойларында азаматтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту

2 ақпан күні 1-11 сыныптар арасында онкүндіктің ашылуына орай саптүзеу өткізілді. Саптүзеуде 10 сынып оқушылары дайындаған әдеби-музыкалық қойылым оқушылардың көңілінен шықты. Мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

          Сонымен қатар ашық сабақтар, ата-аналар жиналысы, сыныптан тыс жұмыстар өткізілу жоспарланды. Онкүндік барысында жоспарланған іс-шаралардың барлығы өткізілді. Ашық сабақтар әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған, пәннің өткізілу ерекшеліктерін негізге ала отырып және оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері қамтылды.

4 ақпан 5 «Б» сыныбында Жакишева С.К. «“Еңбек-бәрін жеңбек” ашық сабақ» атты сабақ және 3сыныптардың ұйымдастыруымен “Әдептілік-әдемілік”атты сыныптан тыс жұмыс өткізіп,түрлі мәселелерді адамгершілік құндылықтарға сәйкес сындарлы түрде шешу мәселесін қарастырды.

2 "А" сыныбы Кемпірбаева Г. "Обал мен сауап" атты ашық сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтарды түсіндіре білді.

5 ақпан күні 2-сыныптардың пән мұғалімдері "Халқым менің қонақжай" сыныптан тыс жұмыс, 2 "Е"сынып жетекшісі Свинаренко А.П."Красив тот, кто правильно поступает" атты ашық сабақ, 2 "Ж" сынып жетекшісі Аверина Н.Л. "Красив тот, кто правильно поступает" атты ашық сабақ, 4 "Б" сынып жетекшісі Бекназарова К.С."Алтын жүрек анамыз" атты сыныптан тыс жұмыс, 7 "Б" сынып жетекшісі Қазыбаева Н.С."Ғаламшар ғажаптары" ашық сабақ өтті. Сабақтарында адами құндылықтар, азаматтық мәдениет мәселелерін көтерді. Мектеп оқушыларының адамгершілік, мейірімділік туралы жұмыстары: суреттер, фотобейнелер, коллаждар қойылды.

6 ақпан күні 4 "В" сынып жетекшісі Досболова М.Б. "Еңбекқорлық пен еріншектік" атты ашық сабақ, 8 "Ә" сынып жетекшісі Ибрагимова Ұ.А. "Табиғаттан нәр алып" тақырыбында ашық сабақтар өткізіп, оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал жасады.

 

8 ақпан күні 8 "Ә" сынып жетекшісі Ибрагимова Ұ.А. "Табиғаттан нәр алып" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта жалпыадамзаттық құндылықтар жақсы ашылды.

          9 ақпан күні 4 "Ә" сынып жетекшісі Жакишева С.К. ""Батылдық пен өжеттілік" ашық сабақ , 1 "А" сынып жетекшісі Исаханова А.А. "Қамқор болып өсемін" ашық сабақ, " 2 "Ә" сыныпта Дәуей М.И. "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 5-8 сыныптар аралығында Бекназарова К.С., Ибраимова Ұ.А. ұйымдастыруымен "Алтын жүрек анамыз", "Сердце наполненное любовью" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

3 "Б" сынып жетекшісі Есмағамбетова Б.Ж. "Сіз деген- әдеп, біз деген-көмек" атты ашық сабақ, 6 "Д" сынып жетекшісі Жумабаева Д.К. "Искусство быть здоровым" ашық сабақ, 1 сыныптардың ұйымдастыруымен "Қамқорлық жасау-сауапты іс" сыныптан тыс жұмысы өтті. Жауапты мұғалімдер: Шораева Г.А. , Қонысбаева Ж.Ж.

 

          10 ақпан күні 1 "Ж" сынып жетекшісі Мукашева А.Е. "Быть честным" атты ашық сабақ, 1 "Б" сынып жетекшісі Молдаханова А.Ж. "Қамқор болып өсемін"ашық сабағы, 3 "Е" сынып жетекшісі Кучинская Т.Н. "Жизнерадостность и оптимизм" ашық сабақ, 1 "В" сынып жетекшісі Қонысбаева Ж. "Шыншылдық адамдықтың белгісі" ашық сабақ, 4 "А" сынып жетекшісі Исаханова А.А. "Талаптыға нұр жауар" сыныптан тыс жұмыс, 3 "В" сынып жетекшісі Бейсмолдаева А.Т. "Ақыл-жастан, асыл-тастан" ашық сабақ, 3 "Д" сынып жетекшісі Аверина Н.Л. "О доброжелательности" ашық сабақ, 2 "В" сынып жетекшісі Тапенова А.А. "Обал мен сауап" тақырыбында ашық сабақтар өткізіліп, оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыруға көмектесті.

          11 ақпан күні 1 "Ә" сынып жетекшісі Шораева Г.А. "Қамқор болып өсемін" ашық сабақ, 3 "Д" сыныптың ұйымдастыруымен "О доброжелательности" сыныптан тыс жұмыс, жауапты Кучинская Т.Н. 4 сыныптардың ұйымдастыруымен "Жылулықтан басталады" сыныптан тыс жұмыс, жауапты Досболова М.Б. 2 "Г" сынып жетекшісі Ержан Ж.А. "Обал мен сауап" ашық сабақ, 3 "А" сынып жетекшісі Шакетова Г.Б. "Өнерлі бала - сүйкімді" ашық сабақ, 2 "В" сынып жетекшісі Сәрсенова Ұ.Л., "Еңбек-бәрін жеңбек" ашық сабақтар өткізіп,оқушыларға білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру бағытталды.

          12 ақпан күні 1 - сыныптардың ұйымдастыруымен "Идем дорогую добра" сыныптан тыс жұмыс, жауаптылар Жумабаева Д.М. Мукашева А., 8 сыныптардың ұйымдастыруымен "Бәрі де махаббаттан басталады" атты сыныптан тыс жұмыс, жауапты Ибрагимова Ұ., 3 "Ә" сынып жетекшісі Медеуова Б.С. "Мейірімділік-асыл қасиет" тақырыбында ашық сабақтар өткізіліп, оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыруға көмектесті. Ашық сабақтар адам өмірінің, құндылықтың мәнін және оның қоршаған ортадағы орнын түсінуге бағытталған. Сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен тәрбие сағаттары өткізіліп, жұмыс өз дәрежесінде өтті, балалар көп қызықты мәліметтер алды.

Адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасауды үйретуді сабақ арқылы бағытталып жүзеге асырылды.

Сонымен қатар осы күні апталықтың жабылу салтанаты болып, жақсы суреттер, эсселер, сабақтарға белсене қатысқан оқушылар аталып өтілді.

Сабақ барысында мұғалімдер қосымша материалдар, слайдтар қолданып, сабақтар өте жақсы дәрежеде өтті. Мұғалімдер электронды оқулықты қолданып, жаңа технологияның (деңгейлік курс бағдарламасының модулдері, интерактивті тақта, СТО) бар мүмкіншілігін молынан пайдаланды. Мұғалімдер де, оқушылар да апталық барысында белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс жасады. Әсіресе өте жақсы сабақ құрып, жоғары деңгейде сабақ өткізген мұғалімдер Исаханова А.А., Жакишева С.К., Медеуова Б.С., Қонысбаева Ж.М., Есмағанбетова Б.Ж., Г.Б.Шакетованы атап өтуге болады.

 

 

 

Ұсыныстар:

  1. Пән мұғалімдеріне «Өзін-өзі тану» сабығында оқушыларды өмірге бейімдей алатын, өз ойларын аша алатын тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану;

  2. Өзара сабаққа қатысу деңгейін көтеру;

 

АПТАЛЫҚТАН КӨРІНІС

  

                             

      "Халқым менің қонақжай" сыныптан тыс жұмыс

 

   

 

 

  "Мейірім төгетін ана" кітаптар көрмесі                          
  Тыныштық сәті


 


    "Бәрі де махаббаттан басталады" сыныптан тыс жұмыс      

     

 

«Еңбек бәрін жеңбек» сабағы                     "Еңбекқорлық пен еріншектік" ашық сабағы

 



           

       Мектеп директоры:                             Ғ.Н.Сүндетов