Меню KDT
Рус /  Қаз
Добро пожаловать на сайт средней школы №24 города Астаны
Document

С заботой о детях

Олимпияда
Мектеп мақтанышы
Мектеп мақтаныштары
Мектеп мақтаныштары
Мектеп мақтаныштары

               

                                              «Ұлттық ойындар – асыл мұрамыз»

                               асық атудан қалалық турнирдің өткізілуі туралы анықтама

                                                  2016- 2017 оқу жылы

          Асық ойыны — қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі-де, құралы да — асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі.

          Желтоқсанның 10- да біздің мектебімізде «Шығыс» БЖО ұйымдастыруымен асық атудан қалалық турнир өтті. Турнирге 33 мектептің командалары қатысты. Жеребе тастау арқылы командалар 3 топқа бөлінді. Ойын асық атудың өз ережелері бойынша жүргізілді. Турнирдің қорытындысы бойынша финалға №7, 24, 35, 40, 66 мектеп командалары. Аталған командаларға финалда сәттілік тілейміз!!!


   


«Будь собой – Будь звездой» білімдік бағдарлама аясында қыздармен өткізілген кездесу бойынша анықтама

2016- 2017 оқу жылы

          Қыз – өмірдің гүлі, біреуге әпке, біреуге қарындас — адал жар, аяулы ана. Сұлулық пен әдептіліктің, инабаттылықтың символы. Ықылым заманнан-ақ халқымыз қызды төрге отырғызып, қонақ деп қабылдап сыйлап, ерекше құрметтеген. Ақыл-парасаты биік болуын да шарлап қызын қырық үйден тыйым деп, тәрбие - өнеге алуға баулыған. Ата-бабаларымыз қыз баланы жастайынан еркелетіп, бетінен қақпай, еркелеп қал, ертең бір үйдің иесі боласың, бар ауыртпалық өзіңе түседі, соны қазірден санаңа түйе бер деп үйреткен. Қыз баланы үй жұмысына, тамақ істеуге, кісі күте білуге тәрбиелеген.

          2016 ж. желтоқсанның 8-де мектептің мәжіліс залында «Urban media» progress уou» компанияның өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу «Будь собой – Будь звездой» білімдік бағдарлама аясында 6 сынып кыздарына арналып өткізілді. Кездесу барысында дәрігер- маман қыз баланың жетілдіруі, жыңыстық ерекшеліктерін сипаттап, көрнекіліктер көмегімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қыздар дәрігерге тақырып бойынша сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Кездесу соңында барлық қатысушыларға  Procter & Gamble компаниясының қыздарға арналған гигиеналық құралдары табыс етілді.

         

 

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары:                                   Г.Е.Сергазина

 

 

                 Халықтың діни сауаттылығын жетілдіру, нашақорлықты алдын алу және есірткі бизнесімен                күресу            мәселелері     бойынша кездесудің анықтамасы.

№24 орта мектепте 2016 жылғы қазанның 28-де мәжіліс залында «Құқықтық сауаттылық мектебі» тақырыбында жиналыс өтті. Жиынымыздың қонақтары: Айбасова А.Ғ. – Астана қаласы әкімдігіеің Дін проблемаларын зерттеу орталығының Мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және діни бірлестіктермен байланыс бойынша бөлімінің маманы;             Рустембекова А.М. – «Ареал» қоғамдық қордың президенті; Нургазина А.К. – ІІД Есірткі бизнесіне қарсы Басқарманың өкілі, полиция капитаны;     Пернешев Б.Б. – Астана қаласы «Есіл» ауданы ювеналдық полиция басшысы. Жиналысқа 8-9 сынып оқушылары, ата- аналар және мектеп ұжымы қатысты. Арайлым Ғалымқызы «діни сауаттылық», «деструктивті діни ағымдар» терминдерінің мағынасын түсіндіріп, діни сұрақтарға дұрыс жауап беретін, нақты мәлімет беретін ресми түрде жұмыс жасайтын сайттарды атап кетті. Айман Мейровна,   экстремизм және терроризм туралы сөз қозғап, тақырып аясында жиналған қауымға «Вербовка в секты», «Терроризм» туралы шағын бейнероликтер көрсетті. Оқушылар мен ата- аналар сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Алия Кибатовна өз сөзінде есірткі бизнесі деген не, нашақорлықпен жүргізіліп жатқан күрес жайында ақпарат бере отыра, бұл бизнес қылмыстық іске жататының және ауыр жазалатынын ескерді. Оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға, спортпен шұғылдануға шақырды. Бақдаулет Байбекұлы, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты алдын- алу мақсатында қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы баяндама оқыды. Жиналыстың соңында қатысушыларға ақпараттық кітапшалар таратылды.

                       

«Армысың, әз- Наурыз» мектепішілік іс- шараның өткізілуі

туралы анықтама

2015- 2016 оқу жылы

 

Кәне достар, биле, биле,

Құлаңығ сал ән мен күнге.

Наурызды тойлағанда

Отырмандар босқа үйде.

Наурыз! Наурыз! Наурыз!

         Осы өлең шумақтарын алдыға ала отырып, 18-19 наурыз күндері мектебімізде «Армысың, әз- Наурыз» тақырыбында мектепішілік іс- шаралар өтті. Мектепішілік бұйрық жазылып, комиссия мүшелері анықталды:

18 наурыз

Бірінші ауысым

Есмаганбетова Б.Ж., Кемпірбаева Г.Н., Силам Б.,

 

Екінші ауысым

Турмаханова Г.Р., Көшкімбаева А.С.,           Есетова О.Ф., Свинаренко А.П.,

19 наурыз

Бірінші ауысым

Альжапарова С.К., Тамабаева Ж.Б.,           Жәңішұлы Б., Дауей М.И., Исаханова А.А.

 

Екінші ауысым

Жумабаева Д.К., Қарабаева А.Т., Жаңабек Д.Ә.

 

Наурыз мерекесін атап өтуде әрбір сыныпқа келесі талаптар қойылды:

  1. Ұлттық бұрыш    
  2. Салт- дәстүр көрсету
  3. Ұлттық ойын
  4. Концерттік бағдарлама

         Ұлттық бұрыш көрмесінде қазақ халқының ұлттық бұйымдарын, киім үлгілері мен құрал- жабдықтарды көруге болды. Комиссия мүшелері азан шақырып ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, беташар сияқты салт-дәстүрлерді тамашалап, сыныптардың дайындықтары жоғары деңгейде болғанын атап кетті. Ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында оқушылар арқан тарту, ақ сүйек, тоғызқұмалақ, асық ату ойындарын көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Концертік бағадарламада оқушылар қара жорға мен қамажай биін билеп, домбыра сүйемелдеуімен ән айтты. Ата- аналардың көмегі зор болды деп айтуға болады, себебі сыныпты безендіру, мерекелік дастархан жаюда олар ат салысты.

Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар:

Ауысым

Комиссия мүшелері

 

 

І

Есмаганбетова Б.Ж.

Кемпірбаева Г.Н.

Силам Б.

Гран-при – 1 «А» Исаханова А.А.

І орын – 1 «Г» Көшкімбаева А.С.

               2 «Е» Свинаренко А.П.

ІІ орын4 «Ә» Жакишева С.К.

                   1 «В» - Қонысбаева Ж.Ж.

ІІІ орын2 «Ә» Дауей М.И.

                   4 «Б» Бекназарова К.С.

ІІ

Турмаханова Г.Р.

Көшкімбаева А.С.

Есетова О.Ф.

Свинаренко А.П.

Қарабаева А.Т.

Гран-при – 3 «Б» Есмагамбетова Б.Ж.

І орын –       2 «А» Кемпірбаева Г.Н.

                       2 «В» Тапенова А.А.

ІІ орын2 «Б» Сарсенова Ұ.Л.

                   2 «Г» - Ержан Ж.

ІІІ орын3 «Г» Құрманалиева Ф.А.

3 «Ә» Медеуова Б.

       3 «А» Шакетова Г.Б.

Ауысым

Комиссия мүшелері

 

ІІ

Қарабаева А.Т.

Жаңабек Д.Ә.

Жумабаева Д.К.

Гран-при – 5 «А» Тамабаева Ж.Б.

І орын –       6 «А» Нұрғапа А.

ІІ орын –     5 «Б» Алина А.Б.

                         5 «Ә» Махмутова Ж.С.        

ІІІ орын6 «Б» Сапарғазы Г.Қ.

                       6 «В» Идрисова Ж.Б.

 

 

Наурыз мерекесінен фотокөрініс:




 




8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған

«Ана- өмір шуағы» атты мерекелік концерттің өткізілуі

туралы анықтама

2015-2016 оқу жылы

 

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады!- дей отырып, 5 наурызда мектебіміздің мәжіліс залында қыздар мен әйелдер қауымына арналған мерекелік концерт өтті. Мерекеге арнап мәжіліс залы, сахна шариктармен, ана туралы нақыл сөздермен безендірілді. Концертте мектебіміздің жарық жұлдыздары өнерлерін ортаға салып, нәзік жандыларды мерекемен құттықтады.

         Концертте ана туралы әңдер айтылды, өлеңдер оқылды, керемет би мен тамаша көріністер орын алды. Концертіміз бастауыш пәні мұғалімі Молдаханова А.Ж. «Жібек сезімі», көрермендердің сұрайы бойынша «Шығысым шырайлы» әңімен аяқталды. Мерекелік концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады!!!



  



                                           

                                                    Астана
қаласы

                                                   №24 орта мектеп

                                                  Музейге экскурсия -2016

 

         2016 жылғы ақпанның 18-де мектеп  10 сынып оқушылары  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сергазина Г.Е., мектеп инспекторы Мамбеталиев Е.К. жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери- тарихи музейіне экскурсияға барды. Экскурсияға бару мақсатымыз: өскелең ұрпақты Қазақстанның әскери тарихымен таныстыру және патриотизмге тәрбиелеу. Экскурсия барысында оқушылар көрме залдарына барып, қазақ халқының әскери тарихына шолу жасады. Оқушылар үшін қазіргі замандағы Қазақстанның әскери- техникалық базасының экспонаттары, диарамалар әсерлі болды.




                                                                                  Астана қаласы

                                                                                 № 24 орта мектеп

                                                                               2015- 2016 оқу жылы

 

         Жаңа жыл қарсаңында желтоқсанның 24-де  Астана қаласы әуежайы ішкі істер желілік бөлімшесі қызметкерлері мектебіміздің  25 оқушысына оқу құралдары, жеміс- жидек, кеңселік тауарлар  түрінде сыйлықтарды табыс етті.  Көмек алған балалардың ішінде көпбалалы, аз қамтылған  отбасылардан  шыққан, туылғаннан  мүгедек және жетім балалар бар.

 



                                               «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты мерекелік кешінің анықтамасы

                                                                              2015- 2016 оқу жылы

 

             Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, №24 орта мектептің мәжіліс залында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік  концертіміз Мемлекеттік гимнің орындалуынан басталды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нурушева А.К. жиналған қауымды мерекемен құттықтап жылы лебіздерін білдірді. Концерт барысында  оқушылар өз өнерлерін көрсетті, яғни олар: музыкалық аспаптар ансамблі «Талас» күйін орындары, Айжан, Талшын, Ұлан, Дария туған жер туралы өлеңдер шырқады. 11 «А» сынып оқушылары  1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арнап «Қайрат Рысқұлбековты тергеу» атты көрініс көрсетті, ал Сағымбекова Арайлым Қайратқа арнап жазған монологын оқыды. Мерекелік концерт Алишер мен Даниярдың орындауында «Қазақ жастары» әнімен аяқталды.

                                                       Астана  қаласы

                                                     № 24 орта мектеп

                                                   2015- 2016 оқу жылы

 

     «Жас Ұлан» - шыншыл патриот

    «Жас Ұлан» - нағыз топжарған

    «Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді

    «Жас Ұлан» - жауапты азамат

    «Жас Ұлан» - сенімді дос

          «Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан» , - дей отырып  2015 ж. желтоқсанның 14-де мектеп оқушыларын «Бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына»  қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға  мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, орта буын оқушылары мен ата- аналар қатысты.

         Жас бүлдіршіндер салтанатты түрде ант беріп, 11 сынып оқушылары оларға сәттілік тілей отырып мойындарына көгілдір гаслтук байлады.         Ант қабылдау рәсімінен кейін «Жас ұлан» мүшелері «Қазақстан– Нұрсұлтан – Жас Ұлан»  деп «Жас Ұлан» гимнін орындады.

         Алхабек Айжан жиын  соңында «Қазақстан» әнің орындап, барлық жасөспірімдерді құттықтады. Жолдарын  болсын, «Жас ұландар»!!!

 

 




Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс туы желбіре!»

атты 10 сыныптар арасында өткізілген әскери- спорттық эстафета жарысының қорытындысы бойынша анықтама

 

2015 ж. сәуірдің 25

 

         Жеңістің  туы  жалтылдап,

           Жығылмай  мәңгі  тұрады.

           Сол  тумен  өскен  аршындап,

          Ерлердің  бізбіз  ұланы!

Сәуірдің 25-де АӘД пәнінің мұғалімі Каресов А.Е. 10 сыныптар арасында әскери – спорттық эстафета өткізді. Іс- шараның мақсаты: оқушыларды патриоттық сезімге баулу, әскери- спорттық ойындарына қызығушылықтарын  арттыру.

Сайыстың әділ өтуін әділқзылар бақылады: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова А.Ж., мектеп инспекторы     Мамбеталиев Е.К., математика пәні мұғалімі Бекен О. Қатысушылар екі топқа бөлінді: 10 «А» сыныбы - «Сұңқар» тобы, 10 «Ә» сыныбы - «Жас ұлан» (әр топта 5 қыз, 5 ұл).

Жарыс  келесі сайыстардан тұрды: саптық жүріс (өлеңмен өту), АК-47 автоматын шашу және жинау (уақытқа), кермеге тартылу, арқанға өрмелеу, гір тасын көтеру және арқан тарту. Жарыстың әр кезеңінде жеңімпаздар анықталды. Жалпы ұпай саны бойынша  «Сұңқар» тобы (10 «А» сыныбы)      І орынды иеленді.








Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» атты әдеби- сазды кештің өткізілуі туралы анықтама

 

2015 ж. мамырдың 6-ы

 

Жеңіс  деген  жақсылықтың  сыңары,

Жігер  менен  құштарлықтың  құралы.

Күрескердің  арманы  мен  ұраны,

Қуаныш  пен  мерекенің  бұлағы– дей келе № 24 орта мектепте мамырдың  6-да Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар» атты әдеби- сазды кеш өтті. Сахна мерекелік кешке байланысты безендірілді.   Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Свинаренко А.П. және директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Көшкімбаева А.С. құттықтау сөздерінде балаларды ардагерлерді құрметтеуге, бейбіт өмірді сақтауға, ата- ана ен Отанды сүюге шақырды.

 Әдеби –сазды кеш барысында талантты оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетті. 9 сынып оқушысы Алхабек Айжан «Синий платочек», 4 сынып оқушылары Дария мен Әдемі «Катюша» әнін үздік орындап шықты. 10 сынып оқушылары өз бойларындағы актерлік қабілеттерін «Отан үшін отқа түс», «Соғыс қасіреті» тақырыбындағы көріністер арқылы көрсете білді. Ордабек Бекжан «Әкеме хат» монологын оқу барысында  оқушылар мен ұстаздардың көзіне жас келді, себебі бұл соғыста қаншама әкелер оралмай кетті. 7 сынып оқушылары «Қазақстандықтар – соғыс батырлары» тақырыбында  бейнеролик жасап, Кеңес Одағының қазақ батырлары туралы мәліметтермен таныстырды. Кеш соңында  қатысушылар, оқушылар мен ұстаздар Ұлы Жеңіске құрмет білдіре отырып, «День Победы» әнін хормен орындады.
 



 


Тәрбие жоспарының І жарты жылдық қорытынды есебі
 













Ойлы болсаң, озып көр

                 

 



               

«Қыз қылығымен сымбатты» атты қыздар жиналысы өткізілді

2014 жылғы 11 қазан күні № 24 орта мектептің жоғарғы сынып қыздарымен «Қыз қылығымен сымбатты» атты қыздар жиналысы өткізілді.

Жиналыстың мақсаты:

-         мектеп қабырғасында жүрген бүгінгі  аруларымыздың ертеңгі адал жар, аяулы ана, ардақты әже атануына үлес қосу, оларға тәлім- тәрбие беріп, білім ордасында  тұлға болып қалыптасуына көмектесу;

-         «қыз»  деген атқа лайық болып, қашанда тәлімді, тәрбиелі, ибалы да инабатты  болып жүруіне көмектесу, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу;

-         oқушыларға қазақтың салт-дәстүрін ұғындырып, меңгерту;

-         имандылық салтын қалыптастыру;

-         мектепте жаймашуақ ортаны орнату;

-         әрбір оқушы қыз баланың мүдделеріне көңіл қою, балалардың өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету;

 

Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады.  Бұл қыз баланың айырықша әдепті де, көрікті болатынын аңғартады. Өйткені, қызды жат – жұрттық бала, қыз- қонақ, оның көретін құрметі де әкесінің үйінде деп ерекше сыйлаған. Қыз үйге кіргенде ақсақалды қарт орнынан тұрып, төрден орын берген, бұл-қазақ дәстүрі.  «Қыз баланың мынау тіршіліктегі міндет – парызының жүгі ауыр әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, күйеу күтетін адал жар, ата - ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын бұл өмір заңы» деген. 

Қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Ол үшін қыз баланың бойына кішкентайынан сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты сияқты қасиеттер дарыған болуға тиіс. Қыз бала өзіне дос таңдауға ерекше жауапкершілікпен сақтық, ұстамдылықпен қарауы, оның маңызын санамен аңғарып, жүрекпен түйсінуі тиіс. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беру өте қауіпті.  Қыздар үшін дос ер балалардың мінез – құлқы, әдет – дағдылары, ой өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, талабы мен талғамы, денсаулығы, жақсы, жаман әдеттері (темекі, ішімдік, есірткіге зауқы), ала – бөтен қылықтары, т.б жайында алдын ала білу өте маңызды.

Сонымен қатар, жиналыс барысында қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы, инабаттылық , кішіпейілділік сияқты тақырыптар талқыланып, қыздарымыз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қымбат Сақтанқызы мен Ақтоты Құдайбергенқызына көптеген толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ой бөлісті. Жиналыс сырласу кеші ретінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Түрлі тақырыптарды  қамтитын қыздар жиналысы мен ұлдар жиналысы алдағы уақытта жүйелі түрде өткізілетін болады.


№ 24 орта мектептің  ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында өткізілген мерекелік жиын туралы мәлімет

 

         2014 жылғы 28 қарашада мектебімізде 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты іс-шара өтті. Жиын барысында мектеп оқушыларының бір тобы Республикалық «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарының қатарына қосылып, ант қабылдады.  67 оқушымыздың атынан салтанатты түрде ант қабылдаған 3 «А» сынып оқушысы Мұқатай Құралай көпшілікті өзіне қаратты. Оқушыларымыздың мойнына галстук тағу үшін «Әлжан ана» мешітінің бас имамы –Мұқатай Ермек арнайы шақырылды. Сонымен қатар, қазан айында сайланған мектеп Президенті мен мектеп министрлеріне арнайы әзірленген куәліктері салтанатты түрде табыс етілді. Жиын соңы концертке ұласып, жоғары деңгейде өткізілді.

 

                                                                                                                          А.Оспанова